ЖОБА ЖАЙЛЫ
Құрметті, қазақ елі! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Шұғыла қорының бастауымен, демеушілердің қолдауымен, Дария Дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға болам» атты сайыс ұйымдастырылып отыр. Сайысқа 700 дей жүлде тігілген: шетелге саяхат, Стамбул университеттерін аралау, MacBook, iPad, Apple Watch жəне басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ең бастысы, сайысқа қатысу тегін.
Сайыс төрт номинациядан тұрады: оқушылар үш топ, ал студенттер мен ересектер бір топ. Әр топтың кітабы да, жүлдесі де бөлек болады.
Құрметті сайыскер, «Тұлға болам» сайысына қатысып, сен де тұлға бол!
Жүлделер төмендегідей:
Әр кезең бойынша әр топтан алғашқы болған 50 адам (1-2 кезеңде 1-50 орындар, 3-кезеңде 21-50 орындар) 5000 теңгеге ие болады. Ал басты жүлделеріміз:
1-3 сынып: 1-3 орын iPad, 4-10 орындар велосипед;
4-7 сынып: 1-3 орын MacBook, 4-7 орындар велосипед;
8-11 сынып: 1-3 орын Стамбулға саяхат, 4-10 орындар Apple Watch;
Ересек/студент: 1-орын 2 адамға шет елге саяхат, 2-орын 500 000 тг, 3-орын 300 000тг, 4-10 орындар ноутбук.

⛔ Ескерту! Басты жүлделер 3-кезеңде жоғары ұпай жинағандар (әр топтан 20 адам) арасында офлайн тест тапсыру арқылы анықталады. Пандемияға байланысты шарттар өзгеруі мүмкін.
Бәйгеге қатысты жаңалықтарды жіберіп алмау үшін міндетті түрде біздің әлеуметтік желілерге тіркеліңіз:
2-кезең кітаптары:
8-11 сынып, ересек/студенттер тобы:
Жабайы алма (Сайын Мұратбек)
1-3 сынып: Ағайынды Гриммдер.
«Ертегілер жинағы»
4-7 сынып: Сайын Мұратбек.
“Жусан иісі”
Кітапты жүктеу үшін керек кітаптың үстінен басыңыз. Кітап екі форматта берілген (PDF, Word), өзіңізге ыңғайлысын жүктеңіз.
Сұрағым бар
Сайтта көрсетілген ақпараттан тыс сұрақтарыңыз болса өз аумағыңыздың операторына ватсап арқылы сұрақ жолдасаңыз болады.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website